Әскери госпитальде 50-ден астам адам ем алып жатыр

Қазір Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталінде 50-ден астам адам ем алып жатыр.

Олардың бірі - жансақтау бөлімінде. Тағы біріне операция жасалған. Жауынгерлер бүлік кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан. Олардың қолында қару болмаған. Қазақстан Генералдар кеңесінің төрағасы Махмут Телеғұсов Алматыдағы лаңкестік кезінде жарақат алған әскерилермен кездесті. Генерал-майор жігіттерге моральдық, психологиялық қолдау көрсетіп, адал атқарған қызметтеріне алғыс білдірді.

Махмұт Телеғұсов, ҚР генералдар кеңесінің төрағасы:

- Мұнда ем алып жатқан жігіттердің барлығы сын сағатта сағы сынбай ерлік көрсете білді. Батылдықтарының арқасында ел үшін стратегиялық маңызы бар нысандарды соңына дейін қорғады. Әскери операцияға кіріскен басқа да әріптестері үшін уақыт ұтып берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды