Жаппай тәртіпсіздік орнатқандар ішінде есірткі қолданғандар болған

Шығыс Қазақстан облысының мамандары жаппай тәртіпсіздік салдарынан болған шығынды есептей бастады.

Бүлікке 3 мыңға жуық адам қатысып, оның 500-і қамауға алынған. Құқық қорғаушылар қолға түскендердің көбі мас немесе есірткі пайдаланған күйде болғанын айтады. Олардан қару-жарақтар мен заңсыз заттары түгел тәркіленді. Ал Семейде осы оқиға салдарынан әкімшілік ғимараттың бес қабаты бүлінген.

Татьяна Карпова, ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Ұсталғандар арасында есірткі шеккен және мас адамдар бар. Қазір сараптама тағайындалды. Оның қортындысы бойынша заңсыз іс-әрекеттерге процессуалдық баға беріледі. Бұзақылардың қолынан 25 қызметкер зардап шекті, пышақ жарақатын алғандар да бар. Кейбіреулері ауруханаға жатқызылды, өзгесі дене жарақатына қарамастан төтенше жағдай режимінде қызметін жалғастырып жатыр.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды