Шетелде жүрген ел азаматтары қандай көмек алып жатыр

Ресей әуежайларында рейс күткен азаматтарымыз үшін мәлімет жаңартылып жатыр.

Бүгін «Аэрофлот» Мәскеуден Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларына қатынайтын барлық рейсті кейінге қалдырды. 6 қаңтарда ресейлік әуекомпания Қазақстанға қатынайтын ұшақтарға билет сатуды екі аптаға доғарған болатын. Қазақстандық дипломаттар азаматтарымызға құрлықтағы шекаралар және транзит рейстермен ұшуға көмектеседі.

Дания Ақпанбет, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы:

- Біздің азаматтар үшін қонақ үйде тұру құнын арзандату туралы келістік. Кеше «Шереметьево» әуежайынан елімізге жақын қалалар - Омбы мен Челябі және Бішкек арқылы транзиттік рейстермен ел азаматтарының бір бөлігін отанына жетуіне көмектестік. Консулдығымыздың өзекті мәселелер бойынша жедел желісі күні-түні жұмыс істеп жатыр. Бар күш салып, қолымыздан келгенше азаматтарымызға жердем беріп отырмыз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды