Грузияда 500-ден аса қазақстандық еліне қайта алмай жүр

Әуе қатынасы тоқтап қалғандықтан, Грузияда 500-ден аса азаматымыз еліне қайта алмай жүр.

Оларға дипломаттарымыз бен Грузия азаматтары көмекке келді. Бірқатар қонақ үйлер арнайы жеңілдіктер бере бастады. Қазақстан елшілігі отандастарымыз үшін жедел желі ашты. Бүгін Кутаисиден Нұр-Сұлтанға алғашқы рейс ұшып кетті.

Сәуле Махметова, Қазақстан азаматы:

- Бізге Тбилисидегі волонтерлер көмектесті. Сонда бір түнеп шықтық, олар тіпті 4 күнге қалуды ұсынды. Жолымыз болып, бүгін рейс жоспар бойынша ұшады. Бірақ осында ұзақ жатқан жерлестеріміз көп.

Марех Шервашидзе, Flyarystan әуекомпаниясының Кутаиси қаласындағы өкілі:

- 5 қаңтардан бастап Ақтау мен Атырауға ұшақтарымыз қатынаған жоқ. Осы бағытта рейстер қашан ашылатынын нақты білмейміз. Ал Нұр-Сұлтанға рейс жоспарланған болатын және жолаушылар ұшып шығады. Әрине кешігеді. Бос орындарды ең алдымен әйелдер мен балаларға беріп жатырмыз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды