Қазақстандағы эпидахуал күрт нашарлап кетті

Елде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Министрлік бұған омикрон штамының анықталуы себеп дейді.

Қазір Қазақстан коронавирус бойынша сары аймақта. 11 өңірде ауру көрсеткіші белең алған. Мәселен, елорда – «қызыл», Шымкент пен Алматы «сары» аймақта тұр.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау комитетінің төрағасы:

- Соңғы аптада елімізде ауру көрсеткіші 1,4 есеге артты. Тәулік ішінде 1510 індет жағдайы тіркелді. Ауырғандардың 75 пайызы Алматы, Нұр-Сұлтан, және Шымкент қалаларынан. Эпидахуалдың нашарлауына омикрон штамының анықталуы әсер етті. Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында халықтың бір қаладан екіншісіне көптеп баруы себеп.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Сондай-ақ...