Төтенше жағдай жарияланғаннан бері өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Елді мекендер арасындағы автобус қатынасы толық тоқтатылды.Тек арнайы қызмет көліктері мен тауар тасымалдаушыларға ғана жүруге рұқсат берілген. Оның өзінде көлік ішінде екі адам ғана болуы шарт. Бүгін журналистермен брифинг өткізген Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков осы талаптарды бұзғандарға қатаң шара қолданылатындығын ескертті. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері заңсыз іс-әрекеттері үшін облыста 650-ден астам адам ұсталған. 220 адамға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Олардың барлығы 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Оның сыртында Қылмыстық Кодекстің «Ғимарат, нысандарға шабуыл жасап, басып алу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайрат Дүйсембеков, Қостанай облысының коменданты:
- Заңсыз наразылық акциясы кезінде Қостанай қаласының орталығындағы облыстық әкімдік ғимаратына басып кіруге талпынғандардың іс-әрекеті толық құжаттандырылған. Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол адамдардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң бойынша ондай қылмысқа барғандарға дүние-мүлкі тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.
Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.
Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:
Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды
Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті
Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті