Медициналық ұйымдардың жедел желісі ашылды

Алматыдан басқа өңірлерде жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.

Қызметкерлердің қауіпсіздігін ескере отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ел бойынша орталықтардың жедел желісі іске қосылды. Төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін  экранда көрсетілген нөмірлер бойынша 14-06 байланыс орталығының қосымша КОЛЛ-орталығы ашылды. Күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қолжетімді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті