Қызылордада террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» сақталып отыр

Қызылорда да қауіптің қызыл деңгейі сақталып отыр.

Өйткені облыс  орталығында антитерорлық операциялар әлі де жалғасып жатыр. Жалпы аймақта қоғамдық тәртіп қадағалауға алынған. Қазіргі таңда мүліктік шығындарды есептеу және зерделеу бағытында арнайы комиссия құрылды. Қазір ел ішінде бас бұзарлардың әрекеті жөнінде түрлі қаңқу сөздер өріп жүр. Осы ретте коммендатура өкілдері жұртшылықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Қазіргі таңда өртеніп кеткен техникалар, қала көшелерінен алынып тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Қоғамдық көлік қозғалысы да біртіндеп ретке келуде.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті