Сұйытылған газ бағасын көтерген 180 кәсіпкер тергеліп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газды сатумен айналысатын 180 кәсіпкерге қарсы тергеу бастады.

Бұл сатушылардың әрекеттерінен осы шикізат бағасын белгілеу бойынша өзара келісімге бару белгілері анықталған. Іске қатысты Маңғыстауда 85, Атырауда 22 кәсіпкер тергеліп жатыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында нарықтың 4 субъектісі бұл шикізат құнын 5,3 процентке көтеріп сатқаны анықталып отыр. Тергеулердің нәтижесі 20 күннің ішінде белгілі болады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті