434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорған мен Қызылордада қаза тапқан сарбаздар жер қойнауына тапсырылды

  • 28
  • UPD: 12:46, 09.01.2022

Бүгін Қарағандыда Талдықорған мен Қызылорда қалаларында жаппай тәртіпсіздік кезінде шейіт болған Ұлттық ұланның қос бірдей сарбазы Мадияр Қайсаров мен Айбат Аманов  жер қойнына тапсырылды.

Олардың бірі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тумасы болса, екіншісі Бұқар жырау ауданының тумасы еді. Мадияр Қайсаров қызмет атқаратын жедел бөлімше Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша жауынгерлік міндеттерді орындап жатқан. Бүгін оның жаназасына Қарағанды қаласының тұрғындары, жақындары мен жанашырлары қатысты. Сондай-ақ билік пен Қорғаныс саласы тарапынан көңіл айту жедел хаттары жолданды. Атап өткен жөн, қазіргі уақытта қос сарбаз да қиын кезде көрсеткен жанқияр ерлігі үшін мемлекеттік наградаға ұсынылған.

Қанат Беляков, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

- Елімізге күн туған осындай жағдай болған кезде жауынгерлік шептің алдыңғы қатарында болып, экстремистер Камаз көлігін сарбаздарға қарай жіберген кезде, бұл қасында тұрған сарбаздардың барлығын итеріп, өзі сол көліктің астында қалған болатын. Буыны қатаймаған жас сарбаз өз өмірін басқа қарулас достары үшін қиып, басын тігіп отыр. Бұл әрине ерлік.

Оразалы Қайсарұлы, марқұмның әкесі:

- Жарты жыл әскер қатарында болды. Ұлымды қарсы алуға іштей дайындалып жүретінмін. Барлық жолдастарымен басын қосайын деп ойлайтынмын. Бірақ төбемізден жәй түскендей болды. Туған ұлыңды өз қолыңмен жер қойнауына тапсыру деген жан-дүниеңді езіп кетеді екен. Барлық халқым, осымен тоқтайық қанша сарбаз, қанша адам жан тапсырып жатыр. Елдігімізді сақтайық. Тоқтайтын уақыт жетті.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы