435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында 45 бақылау бекеті орнатылды

  • 46
  • UPD: 12:46, 09.01.2022

Түркістан облысында да жағдай тұрақты.

Бірақ соған қарамастан сақтық шаралары күшейтілді. Өңірдің комменданты, облыстық Полиция Департаментінің басшысы Қайрат Дәлібековтің айтуынша, облыс аумағында 45 бақылау-бекеті орнатылған. Қауіпсіздік үшін қалаға кірген әрбір көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылардың құжаты мұқият тексеріліп жатыр. Сонымен қатар мұндай бекеттер Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға да қойылған. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев өткізу бекеттерін аралап, қауіпсіздік шараларымен танысты. Онда қызметте тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына барынша қырағы болуды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі барлығы өз бақылауында екенін жеткізді. Өңірде 1 жарым айға жететін азық-түлік қоры бар екенін және қажетті азық-түліктің бағасы өспейтінін атап өтті. Жанар жағармай қоры да жеткілікті. Қоғамдық көліктер тоқтамайды. Құрылыс жалғаса береді деді өңір басшысы. Сабыр сақтап, заңбұзушылыққа бармаған өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Мен Түркістан облысының халқына рақмет айтқым келеді. Осындай қиын кезде сабырлық танытып, шыдамдылық көрсетіп, арандатушылардың сөзіне ермей, қасындағы азаматтарға дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тыныштық сақтап қалған бірден-бір облыс - Түркістан облысы болды. Әзірде қауіп сейілген жоқ. Коммендатураға, полицияға, блок-бекеттерге көмектесуіміз керек. Шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймын. Біздің облысымыз 1-2 күнде барлығы тұрақтанады деп сенемін.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы