434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында қоғамдық ахуал тұрақты

  • 22
  • UPD: 12:55, 09.01.2022
Қарағанды облысында қоғамдық ахуал тұрақты

Қазіргі уақытта сұранысты қажет ететін сауда, бизнес нысандарының барлығы сондай-ақ қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қоғамдық тәртіп бұзушылық жоқ. Ал Ұлттық банктің Қарағанды филиалының ақпаратынша, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толықтыру мәселесі шешілген. Осыған қарамастан облыста түнгі 11-ден таңғы сағат жетіге дейін коменданттық сағат сақталады. Сондай-ақ тәулік бойғы бақылау-бекеттері жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай режиміне байланысты интернет желісінде уақытша кідірістер сақталады делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Хабар 24 телеарнасы