Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Қазақтың осы асыл сөзін мысалға келтірген өнер саласының өкілдері халықты арандатушылыққа ермей,  ресми расталмаған ақпаратқа сенбеуге үндеді.   

Болат Ұзақов, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Құрметті ағайын, осындай қиын кездерде менің айтарым, мынау халықтың атын жамылып, алыпқашпа сөздерді таратып, жалған ұрандарды ұрандатып, осындай арандатушылыққа әкеліп жатқан, үлкен арт жағы қайғы-қасіретке айналып, осындай келеңсіз, бейбастық нәрселерге ермесеңіздер екен. Қазақ айтады ғой, Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді дейді. Сондықтан сабыр сақтайық ағайын. Сабыр сақтап, еліміздің тыныштығы үшін, мемлекетіміздің бүтіндігі үшін ешқандай бір жалған дүниелерге ермей, мына Үкімет басшыларымыздың айтып жатқан ақылдарына, айтып жатқан сөздеріне көмектесейік, үйімізде тыныштық сақтап, отырайық, ағайын.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Сондай-ақ...