Шымкенттегі қауіпсіздік бақылауда

Екі күннен бері Шымкент қаласының жұртшылығы қалыпты өмір ырғағына қайта түсті.

Елдің тыныштығы сақталып, кәсіпкерлер сауда кешендері мен азық-түлік базарларын ашып жатыр. Сондай-ақ жұртты дүрліктіргендердің алды ұсталып тергелуде. Интернет беріліп, кейбір банктердің мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұр. Ел ішінде еріктілерден белсенді топ құрылып, жұртты сабырға шақыруда. Құрамында айтыскер ақындар, белгілі спортшылар, ерікті жастар бар.

Сондай-ақ қаланың шыға беріс қақпалары мен әкімдік ғимаратының маңына блок бекеттер қойылған. Коммендаттық сағат кезінде шаһарға кіріп шығу шектелді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бүкіл гарнизон күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын айтты. Яғни қауіпсіздік мақсатында барлық өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттары күшейтілген.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды