БҚО-да жағдай қалыпты

Батыс Қазақстан облысында митинг кезінде әлеуметтік және бизнес нысандарына зақым келген жоқ.

Аймақта қазір жағдай қалыпты. Қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді. Бес аумаққа блок-бекет орнатылған. Әскерилер қалаға кіріп-шыққан көліктерді жіті тексереді. Банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық. Басқа нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Облыста наразылық акциясына қатысты екі адам 20 тәулікке қамалған. Өткен түнде ойын-сауық орындарының бірі қызмет көрсеткені анықталды. Ғимарат ішінде болған 19 адам ұсталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған жастар да бар.

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД ресми өкілі:

- Орал қалалық полиция басқармасына жеткізді. Олардың жеке бастарын анықтау үшін және оларды одан әрі жауапкершілікке тарту үшін. Сонымен қатар осы мекеменің басшысы да бірге жеткізілді. Ойын-сауық орындарының жұмыстары, басқа да алкогольдік өнімдер сататын орындардың барлығы да тыйым салынған. Егер бұл талаптар бұзылған жағдайда құқықбұзушыларға 10 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қолданылатын болады.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды