Ертең – елде жалпыұлттық аза тұту күні

Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғимараттарында көк туымыз уақытша түсіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары 1 күнге тоқтатылады. Қайғылы оқиға салдарынан бірнеше әскери және полиция қызметкері қаза тапты. Ал бейбіт тұрғындар арасында қанша адам ажал құшқаны әлі де нақтыланып жатыр.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды