435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістанда «Халық сақшылары» жасағы құрылды   

  • 42
  • UPD: 12:56, 09.01.2022
Түркістанда «Халық сақшылары» жасағы құрылды   

Түркістан облысында ерікті жастардың қолдауымен құрылған жасақ құрамында спортшылар, белсенді және ерікті жастар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Халық сақшылары» елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп тұрған блок-бекеттердегі әскерилер мен тәртіп сақшыларына ыстық тамақ жеткізеді. Одан кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлеріне көмектеседі. Кей өңірлерде қауіп әлі толық сейілмегендіктен, олар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Гүлім Тұрғанбекқызы, «Халық сақшылары» жасағының мүшесі:

– Біздің қатарымызға қосылып жатқан жастарға ешқандай шектеулер қойылып жатқан жоқ. Қайта ата-аналары рұқсатын беріп, үйде балаларының амандығын тілеп отыр. Барлық жастарды бізбен бірге жұмыс істеп, халыққа көмектесуге шақырамын.

Нұрсұлтан Жүнісбаев, «Халық сақшылары» жасағының мүшесі:

– Жасақтың мақсаты біздің бір жұдырықтай болып, әскерилерге көмектесу, өзіміздің отансүйгіштік сезімімізді арттыру. Біз жастарға жақсы үгіт-насихат жасауға тырысуымыз керек. Жастарға дұрыс жолды көрсетуіміз керек. Арандатушы адамдардың үгіт-насихатына, сөзіне сенбей біз солармен бірге күресеміз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Хабар 24 телеарнасы