Оралда еріктілер көмекке келді 

Оралда еріктілер қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосады, деп хабарлайды Хабар 24.

Өндірісте жұмыс істейтін 500-ге жуық адам әскерилерге жәрдем қылуға дайын. Оларға қауіпті міндеттер жүктелмейді. «Тек сақшыларды қажетті заттармен қамту және көшелерді бақылау жұмыстарына ғана тартылады» дейді сала өкілдері. Жастар ұйымдары да бей-жай қалмады. Волонтерлер көшеде үнпарақтар таратып, тұрғындарға төтенше жағдай режиміне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дулат Жүсіпқалиев, ерікті:

– Call-орталықтарға хабарласқан қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын, сонымен қатар волонтерлік жұмыстарды көрсетіп жатырмыз. Оның ішінде азық-түлік себеттерін сұрап жатқан отбасыларға да демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып жатыр.

Ақниет Рашидова, қала тұрғыны:

– Халық қиын жағдайға қалды. Бұл жағдай тезірек басылса екен, қалыпты өмірге, бейбіт өмірге қайтып келсе екен дейміз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды