434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қиындықты бірлік жеңеді – Түркиядағы қандастар

  • 38
  • UPD: 09:32, 09.01.2022
Қиындықты бірлік жеңеді – Түркиядағы қандастар

Түркиядағы қандастарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, елді бірлікке шақырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстандағы жағдайға алаңдаған шеттегі ағайын елдің бұл сынақтан абыроймен өтеріне сенеді. Ыстамбұлдағы Абай саябағында бас қосқан қандастарымыз, отандастарымыз бен жергілікті тұрғындардың айтуынша, ел басына түскен ауыртпалықты тек бірлік қана жеңеді.

Ертолқын Гайретулла, қазақ түріктері білім қауымдастығы басшысы:

– Біз Түркиядағы қазақтар, Қазақстан Президенті мен мемлекетін қолдаймыз! Қазақ халқының осы күнге дейін көрмегені жоқ. Көп қиыншылықтар көрдік. Желтоқсанды көрдік. Қазақстан Үкіметінің бейбітшілікпен осы проблемаларды шешетініне сенеміз. Қазақстанды қолдаймыз, қолымыздан келген бүкіл көмекті жасаймыз.

Сердар Шахин, үкіметтік емес ұйым басшысы:

– Халықтың талабын қолдаймын. Алайда лаңкестік, мемлекетке қауіп төндіру, азаматтарға қастандық жасалған жағдайда биліктің қатаң шара қолданғаны дұрыс. Осы тұрғыдан, Қазақстанда демократия жоғары деп есептеймін. Себебі елде жағдай өршігенге дейін әскер тосқауыл болған жоқ. Дегенмен ахуал нашарлаған уақытта шара қолданды. Мемлекет – мемлекеттікке қарсы әрекеттерді қорғауға тиіс.

Хабар 24 телеарнасы