Кәсіпкерлердің шығыны 92 млрд теңге болды

Елдегі бизнес нысандарына келген шығын 92 млрд теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шығын әлі де өсуі мүмкін. Себебі интернет болмағандықтан кәсіпкерлердің көпшілігі толық ақпарат бере алмай отыр. Call-орталықтарына 2320 шағым түскен. Осыған дейін 1181 бизнес өкілі мүлкінің талан-таражға түскенін жеткізген.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды