Әуе қатынасы қайта жанданды

Интернет пайда болысымен Air Astana компаниясы халықаралық және ішкі рейстерді брондау қызметін іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, күні кеше Нұр-Сұлтаннан Дубайға, Франкфуртке және Мәскеуге дейінгі рейстер орындалды. Сәйкесінше, кері бағыттағы жолдаушылар тасымалы жүргізілді. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан-Атырау және Атырау-Нұр-Сұлтан бағытында ұшақтар қатынады. Ал «FlyArystan» компаниясы елорда мен Қызылорда және Шымкент қалалары арасында жолаушыларды тасымалдады. Халықаралық рейстерден  Нұр-Сұлтан-Кутаиси рейсі жанданды. Бұған қоса, Мажарстандағы қазақстан елшілігінің мұрындық болуымен Будапешт-Нұр-Сұлтан-Будапешт рейсі іске қосылды

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды