ШҚО-да қазір жағдай қалыпты. LIVE

Шығыс Қазақстан облысында бүлік кезінде 25 полиция қызметкері түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар әкімдік сияқты мемлекеттік ғимараттар бүлінді. Қазір облыста шығын көлемі есептеліп жатыр. Бүкіл елде жарияланған төтенше жағдай талабы аймақта қалай сақталуда? Осы жайында сол өңірдегі тілшіміз Эльмира Ахметова тікелей эфирде айтып берді.


Эльмира Ахметова, тілші:

–Қазір облыста жағдай тұрақты. Өскеменде, міне, көше ортасында адам бұрынғыдай көп болмағанымен, жұрт әдеттегі тірлігіне көшкен. Жалпы 5 қаңтар күні Өскемен мен Семейдегі орталық алаңға 3 мың адам жиналған еді.

Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қазір 500 адам қамауға алынып, тергеп-тексеріліп жатыр. Осы салалық департаментінің мәліметінше, 13 патрульдік көлік өртенген. Жоғарыда айтқандай, 25 полиция қызметкері жарақат алған еді. Оның біразы ауруханада емделіп жатыр, қалғандары жарақаттарына қарамастан, қиын сәтте қоғамдық тәртіп сақтауға үлес қосу үшін сапта тұрғанын айта кету керек. Облыста жалпы 10-нан астам блок бекет қойылды. Яғни қалаға кіріс-шығыс жолмен өтетін көліктер мен ондағы азаматтар жіті тексеріліп жатыр.

Төтенше жағдай талабына бағыну, коменданттық сағат тәртібін орындау ғана жағдайды бүгінгіден де тұрақтандыра түспек дейді қоғам қайраткерлері. Қазір менің қасымда өлкемізге танымал қоғам қайраткері Айтқазы Сейітұлы тұр. Айтқазы Сейітұлы, жалпы мына төтенше жағдай талабын сақтау қаншалықты маңызды? Жерлестеріңізге не айтасыз?

Айтқазы Шерубаев, қоғам қайраткері:

–Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшеге артық шықпау, тыныштық пен ел егемендігін сақтауға үлес қосу – басты міндетіміз.

Қазір жағдай тұрақталды, төлем жүйесі іске қосылып жатыр. Банкоматтардан кешелі бері ақша алына бастады. Соныман қатар қаладағы коммуналдық қызмет сынды салалар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жағынан ешқандай мәселе туындаған жоқ.

Әзірге тек онлайн қызмет саласындағы қызметкерлер ғана біраз кедергілерге ұшырады, енді бұл да уақытша болар деген үміттеміз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды