Stop fake: несиелер кешіріледі

Әлеуметтік желіде таралып жатқан тағы бір жалған ақпар банк несиелерінің кешірілуіне қатысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Фэйк хабарламада «15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банк несиелері жабылады. Ол үшін ұлттық банктің жергілікті бөлімшесіне бару керек» делінген. ҚР қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банк бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі кезінде, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар қаулап кетті. Бұл адамдарды әдейі үрейлендіріп, тұрақсыздық тудыру үшін, арам пиғылдылардың, қолға алатын әдеттегі тәсілі. Әрбір ақпаратты жан-жақты тексеріп, ақиқатына, көз жеткізіп отыру керек. Stop Fake айдары өзге де жалған ақпарларды ұсынады.

ФЭЙК: ҚАЗАҚСТАНҒА 2 МЫҢ ТӘЛІП КЕЛЕ ЖАТЫР

Қазақстанға 2 мың тәліп келе жатыр деген ақпар жалған. Әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан бұл ақпарды жоққа шығарды.

ФЭЙК: БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫ БАСЫП АЛДЫ

Алматы маңындағы әскери биологиялық зертхананы содырлар басып алды деген ақпар да жалған. «Нысан маңында қорғаныш киімімен адамдар жүр, демек қауіпті химиялық патогендер тарап кетті» деген ақпар да шындыққа жанаспайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты теріске шығарды.

Айта кетерлігі, 2017 жылы салынған зертхананың негізгі қызметі диагностика жасау.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды