Төтенше жағдайда тәртіп сақшыларына ерекше өкілеттіктер берілген

Төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ерекше өкілеттіктер беріледі.

Бұл режимді бұзғандар заң алдында жауап береді. Полиция мен әскери патрульдердің, әсіресе коменданттық сағат кезінде, құжаттарды тексеруді тоқтатуға толық құқығы бар. Бұл жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де қатысты. Егер құжаттары болмаса, құқық қорғау органдары азаматты, жеке басын анықтағанға дейін ұстай алады. Сондай-ақ полиция ұсталғандардың өздерін, олардың заттары мен көліктерін тексеруге құқылы. Мұның бәрі «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жазылған. Қазақстан өңірлерінің коменданттары қала тұрғындарын сақ болуға, және полиция талаптарына бағынуға шақырады. Олай болмаған жағдайда, төтенше жағдай жарияланған жерде тәртіп бұзушыға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдай кезінде билік өкіліне қатысты зорлық әрекеттер қолданылған болса, ол азамат 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БЛИЦ:

– Лаңкестерді ұстау керек. Еліміз аман болсын.

– Төтенше жағдай кезіндегі тәртіпке бағынуымыз керек. Бұл әр адамның өз қауіпсіздігі үшін қажет деп ойлаймын.

– Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін. Елдегі қиын жағдайды біліп отырмыз. Заңға бағынған дұрыс.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырмаберді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Аза тұту күні

Сондай-ақ...