434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада бүлікшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • 63
  • UPD: 16:36, 09.01.2022
Қызылордада бүлікшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Егемен Қазақстан

Қызылордада тәртіп сақшылары 225 бүлікшіні ұстап, оның 50-не қатысты қылмыстық іс қозғады.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың қазір 50 шақтысы ауруханада жатыр. Бұзақылармен болған қақтығыста 20-дан астам полиция қызметкері жарақат алды. Олардың басым бөлігі жеке құрам сапына оралды. Жалпы, облыс орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Комендаттық режим бойынша түнгі сағат 23.00-де «Арлан», «Барыс» ауыр әскери техникасымен жарақтанған топ әуежай маңындағы елді мекендерді аралап шықты. Сондай-ақ саяжайларды түгел тексерді. Бүлікшілер жасырынуы мүмкін деген тоғай, су арналарын да сүзіп шықты. Комендатураның мәліметінше, облыс орталығында төтенше жағдай режимін бұзудың 9 дерегі тіркелді. Қала төңірегінде 5 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырмаберді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Аза тұту күні

Хабар 24 телеарнасы