БҚО-дағы бақылау бекеттерінде 7 аңшы қаруы тәркіленді

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша тек соңғы тәулікте блок бекеттерден 7 аңшы мылтығы тәркіленген.

Сонымен бірге көлік рөліне мас күйінде отырған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылық дерегі бойынша 575 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 37-сі қамауға алынды. Төтенше жағдай режимін бұзу және заңсыз митингіге шақыру бойынша өңірдің 10 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.

Айта кету керек, аймақта 5 блок бекет қойылған, олардың екеуі облыс орталығының аумағында. Күштік құрылымдар күшейтілген режимнің айрықша түрі бойынша жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай режимінің бұзылмауын жаяу және автопатрульдер қадағалайды. Мемлекеттік шекара мен өткізу бекеттерінде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Аза тұту күні