Семейде жағдай тұрақталып келеді

Тұрғындар бұрынғыдай қалыпты өмірге оралып, тіршіліктерін жасауда.

Барлық коммуналдық сала қызметкерлері, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір қалада, ірі сауда үйлері мен банктерден басқа халыққа қызмет көрсететін нысандардың барлығы ашық. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ең көп зақым келген қалалық әкімдіктің ғимараты бүгін қайта қалпына келтірілді. Қираған терезелер мен сынған есіктерді және, бүлінген жиһаздарды сыртқа шығарып, кабинеттерді ретке келтіруге 3 жүзден аса қызметкер жұмылдырылды. Оларға еріктілер мен белсенді жастар көмекке келді. Сондай-ақ еріктілер елдің қауіпсіздігі үшін блок бекеттерде тұрған әскерилер мен тәртіп сақшыларына ыстық тамақ таратып, қолқабыс жасады. Ал Семей қалалық әкімдігі ертеңнен бастап қайта жұмысын бастайды.

Айдар Садырбаев, қала әкімінің орынбасары:

- Қазіргі таңда әкімдік ғимаратында келтірілген шығындар бойынша тиісті есептік жұмыстар атқарылуда. Қызметкерлердің және еріктілердің көмегімен әкімдік ғимаратының ішін тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты, алаңдауға еш негіз жоқ.

Сондай-ақ...