Бас мүфти қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бақилық болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ халықты бірлік пен сабырлыққа шақырды.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Бас мүфтиі:

- Құрметті отандастар! ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіздігімізге қатер төнген сын сағатта шұғыл шешім қабылдап, батыл қадамға барды. Содырлардың озбырлық әрекетінен елімізді аман алып қалды. Аллаға шексіз шүкір айтамыз. Жаратушы иеміз отан алдындағы борышын өтеу кезінде опат болған сарбаздарымызды мейріміне бөлеп, иманын өзіне серік етсін. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ал жарақат алған жандар тез арада сауығып кетуін тілейміз. Енді мақсат елдігімізді көрсетіп, халық болып Президентіміздің бастамаларына қолдау көрсетіп, жұрт екендігімізді көрсетіп, тағы да әлемдік қауымдастық алдында паш ету. Елдігімізді көрсетіп еңсемізді түсірмейік. Бірлігі мықты еліміздің тәуелсіздігіне ешкім де нұқсан келтіре алмайды. Біз біргеміз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні