434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ел бойынша көк туымыз түсірілді

  • 52
  • UPD: 14:11, 10.01.2022
Ел бойынша көк туымыз түсірілді

Бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекеттік мемекелер мен жергілікті өзін өзі басқару органдары ғимараттарында көк туымыз уақытша түсірілді.

Телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары 1 күнге тоқтатылды. Елдегі бүлік салдарынан бірнеше әскери полиция қызметкері мен бейбіт адамдар қаза тапты. Бұл солардың рухына тағзым етіп, елдің басына түскен ауыртпалықты еске алу.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Хабар 24 телеарнасы