Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша ақша аудару жанданды

Бүгіннен бастап азаматтардың жалақысы, зейнетақысы және жәрдемақысы бойынша теңгелік аударым жұмыстары жанданды.

Бұл халық пен бизнес өкілдеріне төл валютада өзара есеп айырысуға толық мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ұлттық банк өкілдері. Қазақстандық қор биржасында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қызметі де қалыпқа келеді. Халықаралық төлемдер мен аударым жүйесі де қайта іске қосылады. Алайда екінші деңгейлі банктердің ақша айырбастау бөлімшелері әзір ашылмайды. Қызметкерлер мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пункттердің жұмысы кейінге шегеріледі.  

Сонымен қатар бүгіннен бастап елдегі, ірі қалалар мен шалғай аудандарда Halyk Bank-тың 297 бөлімшесі жұмысын қайта жандандырды. Бірақ Алматы қаласы, Алматы облысы Талдықорған мен Жаңаөзендегі банктер жабық. Банк қызметкерлері заңды және жеке тұлғаларға барлық спектр бойынша қызмет көрсетеді. Жұмыс кестесі орналасқан аймаққа байланысты, яғни таңғы сағат 09:00-ден бастап 17:00 немесе 18: 00-ге дейін. Ал мекен-жай бойынша ақпаратты бөлімшелерден алуға болады.

Банктің байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Call-орталық номері 7111.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні