Алматыда балабақшалар жұмыс істемейді

Алматыда балабақшалар әзірге жұмыс істемейді. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін қайта жандандыру туралы қосымша хабарланады. Қала тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру штабының өкілдері мегаполистің барлық мекемелері жіті бақылауда екенін айтты. Білім басқармасы балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ коменданттық сағаттың талаптарын орындауға кеңес береді.

Экранда көрсетілген номерлер арқылы кеңестер беріледі. Еске салайық, бұған дейін мектеп оқушылары үшін, қысқы демалыс мерзімі 17 қаңтарға дейін, студенттер үшін 24 қаңтарға дейін ұзартылған болатын.

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ: 8-727 - 376-54-61,     8 702 439 95 38

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні