Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

Бүгіннен бастап ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады. Тек әзірге Алматы қаласы мен Алматы облысында ғана жабық. Ал Жамбыл облысында бұған дейін полиция департаментіне шабуыл жасалғандықтан өңірде жеке куәлікті немесе төлқұжатты тіркеу қызметтері көрсетілмейді. 

Ерболат Нұртазин, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ департаменті директорының орынбасары: 

- ХҚКО барлығы жұмыс істеп жатыр. адамдар саны сондай көп емес. Барлығына қызмет көрсетіп жатыр. Және де Қазақстан бойынша мамандандырылған қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты. Себебі ІІМ қызметкерлері төтенше жағдай жұмыстарына жұмылдырылғанына байланысты. Егер азаматтар қызметті ала алмайтын болса, eGov арқылы, eGov mobile арқылы қызметті алуға болады. Интернет байланысы жақсы болып жатса қызмет қолжетімді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні