Оралдағы әскери бөлімде қаралы жиын өтті 

Оралдағы Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімінде Жалпыұлттық аза тұту күніне орай қаралы жиын өтті.

Қызылорда мен Талдықорған қалаларындағы тәртіпсіздік кезінде Ұлттық Ұланның мерзімді қызметтегі екі әскери сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Кәрімов қаза тапты. Олар  мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасаған қарулы содырларға тойтасы беру кезінде мерт болды. Бұл күні мемлекеттік ту төмен түсіріліп, әскери бөлімнің жеке құрамы қаза болған қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ертуған Әубәкір, 5517 әскери бөлімінің аға офицері:

- Жас сарбаздың қазасы ол біздің Ұлттық Ұлан үшін орыны толмас қайғы. Ол екі сарбаздың ата анасының ғана қайғысы емес, жалпы қазақ елінің қайғысы деп айтуға болады. Неге десеңіз, олар өздерінің анттарына берік болып, өздеріне қойылған жауынгерлік тапсырманы толығымен орындап ерлікпен қаза тапты. Біз оларды еш уақытта ұмытпаймыз, олар біз үшін үлгі.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Сондай-ақ...