Шымкентте мемлекеттік ту төмен түсірілді

Шымкентте Жалпыұлттық аза тұту күніне орай мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Тәуелсіздік саябағындағы қаланың басты байрағы мен барлық мемлекеттік мекеменің жалауы түнгі сағат 00:00-ден кейін төмендетілді. Қала тұрғындары елдегі құқық қорғау органдарының қаза тапқан қызметкерлері мен күштік құрылымның шейіт болған сарбаздарын еске алып, отбасыларына қайғырып көңіл айтты.

Қала тұрғыны:

- Барлық қазақстандықтар үшін ауыр күн деп ойлаймын. Қайтыс болған жандардың туыстарының қайғыларына ортақпын. Барлық қазақстандықтардың атынан оларға өзіміздің қолдау сөздерімізді жұбаныш болатын сөздерімізді айтамыз. Олармен біргеміз.

Қала тұрғыны:

- Аза тұту күнінде өмірден шейіт болған әскери қызметкерлерге барлық құқық қорғау органдарының шейіт болған қызметкерлерінің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақ елі мұндай қасіретті болашақта бастан кешірмесін дегіміз келеді. Әрдайым еліміздің ынтымағы нығайып, тәуелсіз еліміз бұдан кейін мұндай нәубетті көрмесін.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні