Павлодарда полицейлер қаза тапқан әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды

Жалпыұлттық аза тұту күні Павлодардың полиция департаменті елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекетіміздің тұтастығына қауіп төндіріп, арам пиғылын жүзеге асырмақ болған содырларға қасқайып қарсы тұрғандардың рухына тағзым етті. Ел тарихында бұрын болмаған қанды оқиға кезінде бейбіт тұрғындар,  әскерилер мен полицейлер қаза тапты.

«Олардың есімі мәңгі есімізде сақталады», - деді қаралы жиында сөз алғандар. Дәл осындай шара өзге де  әскери бөлімшелерде жалғасты.

Қуаныш Әлжанов, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы:

- Біз бірінші күннен бастап қатал түрде өзіміздің қызметімізді атқарып жатырмыз. Яғни бүгін айта кететін болсақ, барлық қаза тапқан, жанын пида қылған қызметкерлерді еске алу күні болып саналады. Сондықтан біз қызметімізді әрі қарай жалғастырамыз. Мұндай оқиғалар болмасын.

Еске сала кетсек, Павлодарда жағдай бірқалыпты. Соған қарамастан аймақта 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін коменданттық сағат сақталады. Облыс аумағына кіреберісте блок бекеттер қойылған. Полиция департаментінің хабарлауынша екі тәулік ішінде коменданттық сағат жағдайын бұзған 479 азамат пен  242 автокөлік ұсталған. Блокпосттар арқылы 20 мыңға жуық көлік, 30 мыңнан астам азамат өткен. Бұл күндері барлық күш құрылымдары қатаң режимде жұмыс атқарып жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні