Террористер мәйітханадан өз жақтастарының денесін алып кетпек болды

Алматы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолына өтті. Президент резиденциясына да қауіп төнді.

Алайда ҰҚШҰ ұйымының үш әскери-көлік ұшағының келгенін біліп, кейінге шегінді. Нәтижесінде еліміз қосымша күшті Алматыға жіберіп, оларға тойтарыс бердік.

Қасым Жомарт Тоқаев ұйымның отырысында осылай деді. Президент бірлестіктің 2030 әскері мен 250 техникасы елімізге қолғабыс еткенін атап өтті. Осылайша ұйым әскери-саяси орган ретінде өз тиімділігін дәлелдеді.

Өкінішке орай, дүрбелең салдарынан отандық қарулы күштердің 16 қызметкері қаза тапты. Әскерилер елімізді қорғауға бар күшін салды. Бұл ретте Мемлекет басшысы лаңкестердің тыңғылықты дайындалғанын айта келіп, олар тіпті мәйітханаға дейін басып кіріп, өз жақтастарының денесін алып кетпек болғанын жеткізді.