434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында ТЖ режимін бұзғандар жауапқа тартылды

  • 32
  • UPD: 16:29, 10.01.2022
Ақмола облысында ТЖ режимін бұзғандар жауапқа тартылды

Елімізде төтенше жағдай басталғалы бері Ақмола облысында 300-ден астам заң бұзушылық тіркелді.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Көбі коменданттық сағат ережесін сақтамайды. Ал Бурабай ауданында мемлекеттік нөмірі жоқ көлікпен жүрген Түркістан облысының 8 азаматы ұсталып, оларға айыппұл салынды. Сондай-ақ 25 адам бейбіт шеруді ұйымдастыру және өткізу заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қазір аймақта 13 блокбекет жұмыс істеп тұр. Олар әрбір көлікті жіті тексереді. Ал көшелерді патрульдік полицейлер мен халық жасағы бақылауға алған. Олар барлық күмәнді жағдайларды қалт жібермейді, дейді құзырлы орган өкілдері.

Серік Баймұқанов, облыстық жергілікті полиция басқармасының бастығы:

- Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласына кіреберістегі блокбекетте Жібек жолы ауылының тұрғынынан «Сайга-410» маркалы тіркелмеген аңшылық мылтығы мен оның оқтары табылды. Сондай-ақ осы күні Көкшетаудың шығаберісінде Щучинск қаласының тұрғынынан көлігін қарау барысында «ТОЗ 87-01» мылтығы анықталып, тәркіленді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Хабар 24 телеарнасы