СҚО-да 72 адам төтенше жағдай режимін бұзған

Өңірдегі төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс коменданты Марат Төлебаев мәлімдеді. Полицияға 255 адам жеткізілген. Ісі қазір сотта қаралып жатыр. Бүгінгі күні облыстағы жағдай тұрақты. Мемлекеттік органдармен маңызды нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Марат Төлебаев, СҚО коменданты:

– Бүгінгі күні төтенше жағдай режимімен комендаттық сағат талабын бұзғаны үшін 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірде заңсыз митингке қатысуды үгіттеген 16 адамды таптық. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Мұнымен қоса осы күндері спирттік ішімдік сатудың төрт фактісі анықталды.