Алматыда ертеңнен бастап 41 бағыт бойынша автобус жүреді

Жолаушы тасымалдауға 500-ден астам қоғамдық көлік шығады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының мамандары мәлімдеді. «Шұғыла», «Қайрат», «Жас қанат» шағын аудандарында да қоғамдық қатынас қалпына келеді. Автобустар таңғы 7:45-тен кешкі сегізге дейін 20-30 минут сайын жүреді. Бүгін 11 бағыт бойынша автобустар жолға шыққан еді. Дегенмен жолаушы көп емес. Әзірге қала сыртына қоғамдық көлік бармайды. Бүлікке дейін тұрғындарға 2 мыңға жуық автобус қызмет көрсетіп келген.

Сымбат Мырзағұлов, қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары:

– Қаладан шыққан бағытқа бармаймыз. Қаскелең, Қапшағай, Талғар, Илиский тракт жүрмейміз. Қала ішіндегі Алатау ауданына бармаймыз. Команда берген кезде ол жерге де автобустар жүргізетін болмыз. Бүгін, ертең ол жерге бармаймыз.

Қала тұрғыны:

–Жұмысқа он күн болды бармағаныма. 31- нен бері. Содан бері барған жоқпын. Бүгін шығып жатырмын.