Клиенттердің қаражатына қауіп жоқ – Сбер Банк

Лаңкестік шабуылдар мен қарақшылық әрекеттердің салдарынан Сбер Банктің бөлімшелері мен банкоматтары да бүлінді, деп хабарлайды Хабар 24.

Алайда клиенттердің қаражаты қауіпсіздікте. Бүгінде Қазақстан бойынша 1128 өздігінен қызмет көрсететін құрылғы жұмыс істеп тұр, қазақстандықтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін олар үнемі толықтырылып отырады – делінген банктың баспасөз қызметінде.

Банк бүгінде жасалған шабуылдың салдарын белсенді түрде жойып, зардап шеккен бөлімшелердің жұмысын қалпына келтіруде.

Барлық аймақтардағы филиалдар жұмыс істеп тұр. Жұмыс тәртібі: 9.00-ден 17.00-ге дейін. Төрт аймақта: Өскемен, Орал, Павлодар және Атырау қалаларындағы бөлімшелер 18.00-ге дейін ашық. Алматыда Қалдаяқов, 26/30 мекенжайында орналасқан бөлімше жұмыс істейді.

Айта кету керек, мобильді Банк еліміздің барлық аумағында интернетсіз қолжетімді. 3G/4G желісі болса жеткілікті.

Байланыс орталығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Қажетті ақпаратты

⁃ 5030 - жеке тұлғалар үшін ұялы телефон;

⁃ 7744 - заңды тұлғалар үшін ұялы телефон нөмірлері бойынша алуға болады.