Арандатушылардың әрекеті қабырғамызды қайыстырды – Түркістан жұрты

Түркістандықтар елде болған келеңсіз оқиғалар мен заңбұзушылыққа алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.

«Арандатушылардың ессіз әрекеті елімізді үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты. Жазықсыз қан төгіліп, қаншама отбасы қара жамылды. Біз бұндай басбұзарлық пен заңсыздыққа қарсымыз» – дейді Түркістан қаласының қарапайым тұрғындары. Ірі сауда үйлерінің тоналып, әкімшілік ғимараттарының өртке оранып, бүлінуі – ел экономикасы мен дамуына орасан зор шығын келтіргенін қынжыла жеткізді.

Мәлік Әлмахан, қала тұрғыны:

– Жалпы Түркістан облысында жағдай тұрақты, қалыпты деңгейде. Дегенмен біз басқа облыстардағы, Алматы қаласында орын алған оқиғаларға алаңдаулымыз. Бұл бәрімізге ортақ – мемлекет, ортақ – Отан. Біз бұндай жағдайлардың орын алуын құптамаймыз. Себебі қаншама жас сарбаздар ажал құшты. Оның барлығы біздің жанымызға батады. Қайғылы оқиға. Одан бөлек қаншама кәсіпкерлік нысандар жапа шекті, мемлекетке қаншама шығын келді.

Жанқынбек Құлбайымбетов, қала тұрғыны:

– Біз теледидардан көріп отырмыз. Небір жас айналайын, сарбаз балалар, жиырмаға да толмаған, енді 6 айдан кейін үйімізге қайтамыз деп отырған балаларды сондай жағдайға жеткізді. Адамдардың жаны шығып, ата-аналар қандай ауыр күйзеліске түсті. Осы кісілердің баласы, ол да біздің баламыз. Біздің халық үшін өте ауыр жағдай болып тұр. Елімізді бөлшектеп, басқаша бір оймен келгендер деп ойлаймыз. Біздің елге өте үлкен қауіп-қатер төндірді, қатыгездік болып есептеледі.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты