Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бүкіл полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасы баспанамен қамтылмақ.

ҚР Құрылысшылар одағы халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, осындай шешім қабылдады. Одақ еліміздің әрбір азаматы үшін осындай ауыр кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын толық қолдайды. Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор және Құрылысшылар одағы бірлесіп, халықты террорлық шабуылдан қорғаймын деп жанын қиған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына пәтер кілтін тапсыратын болды. Бұл іске одақ бірнеше компаниялар үлес қосады. Бүгінгі таңда Құрылысшылар одағы Алматыдағы зардап шеккен нысандарды тазарту және қалпына келтіру ісіне белсене атсалысып жатыр. «Қазақстанда қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, отандық бизнес өкілдерін Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырамыз» делінген одақ үндеуінде.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты