Е.Тұрғымбаев қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Олар мемлекетімізге қиын жағдайда антына берік болып, батырлық пен ерлік көрсетті. Қызметтік және әскери міндетін өмірлерінің соңына дейін адал орындады», – деді ведомство басшысы.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

– Естелік ішкі істер органдары қызметкерлерін және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгілікке қалады. Қаза тапқан әріптестерімізді 1 минуттық үнсіздікпен еске алуды сұраймын.