Отандық компаниялардың акциялары қалпына келе бастады

Қазақстандық ірі компаниялардың акциялары қалпына келе бастады. Бұл туралы Фридом Финанс агенттігі хабарлады.

Олардың мәліметі бойынша, біздің елдегі террорлық актілердің салдарынан, шетелдік нарықтардағы құнды қағаздар құлдыраған. Мәселен: Каспий банктың акциялары 30 процентке дейін төмендеп, 82 долларға тең болды. Ал ҚазАтом өнеркәсіптің құнды қағаздары 7 процентке құлдырап, бір акция құны 37 доллар төңірегінде тұрақтады. Халык банк акциялары 19 процентке төмендеп, 13 доллар шамасында қалған еді. Алайда қазір елде жағдай тұрақталған соң, акциялардың құны қайта көтеріле бастады, дейді сарапшылар.