Инвесторларға есік ашық

Қазақстан Үкіметі инвесторлардың алдындағы барлық міндеттемелерін орындайды. Бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмыс, жағдай тұрақталғаннан кейін жалғасын табады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы бірлескен мәлімдеме жасады.

Егер туындаған мәселелер болса, тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтың +7 7172 620 620 нөміріне немесе «Қазақ Инвест» компаниясының аймақтық өкілдеріне хабарласуға болады.