Бітімгерлер терроризмге қарсы операцияға қатыспайды

Елде жүрген Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер әскері терроризмге қарсы операцияға тартылмайды. 

Қазір төтенше жағдайға байланысты әуежайларды, әскери қоймаларды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін өзге де стратегиялық нысандарды 2500 сарбаз күзетіп тұр. Олар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2-ші, 4-ші баптары, бітімгершілік қызмет туралы келісім және Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті көмек көрсету туралы үндеуі негізінде, жұмыс істейді. Алматыда арнайы ұжымдық бітімгерлік күштері штабы құрылды. Бұл әскер 6-шы қаңтарда келген.