434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Отандастарымыз елге қайта алмай қалды

  • 37
  • UPD: 12:18, 11.01.2022

Грузияда 300-ге жуық қазақстандық елге орала алмай қалған. Көбінің ақшасы таусылған. Қонақ үй жалдауға, ПТР-тест тапсыруға мүмкіндіктері жоқ. Оларға қазір Қазақстан дипломаттары көмектесіп жатыр.

Қазақстан-Грузин экономикалық бірлестігі де қаржылай жәрдем ұсынды. Ал әуе қатынасы енді ғана қалпына келе бастаған.

Динара Избаева, Қазақстан азаматы:

– Біз Ақтөбеге қайтып барамыз. Тбилисиге турист ретінде 3 қаңтарға қарай келгенбіз. Қазір тіркеуден сәтті өтіп жатырмыз. Байланыс үзіліп қалған туған-туысымызды ақыры көретін болдық. Қазақстанда интернет өшіп қалды ғой. Қазір жағдай тұрақталды, енді бәрі жақсы болады деп сенемін.

Кутаисидегі рейстер FlyArystan компаниясына тиесілі. Бірақ ұшақта орын шектеулі. Жағдайға байланысты Грузиядағы Қазақстан елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желіні» іске қосты.

Ерлан Абишев, ҚР Елшілігінің Грузиядағы консулы:

– Грузиядан Қазақстанға әуе рейстері тоқтаған сәттен бастап, Елшілік қазақстандықтарды Отанына жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. 300-ге жуық адам бүгін елге ұшып кетуі керек. Air Astana 12 қаңтардан бастап Тбилисиден Алматыға рейстерді жаңартуды жоспарлап отыр. Басымдық бірінші кезекте, баламен жүрген әйелдерге, қарттарға және қаңтардың бастапқы күндері билет сатып алғандарға беріледі.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

 

Хабар 24 телеарнасы