Таразда бүліктен келтірілген шығын көлемі белгілі болды

Таразда бүлік кезінде келген шығын көлемі белгілі болды. Бұл туралы қазір бізбен Жамбыл облысындағы тілшіміз Руслан Бақытбекұлы телефон арқылы тікелей байланыста, деп хабарлайды «Хабар 24».

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

– Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқандай, 4 полиция ғимараты,  облыстық әкімдік және Нұр Отан партиясының ғимаратынан бөлек, 4 бизнес нысан тоналып зардап шеккені белгілі болды.   Алдын ала жүргізілген есеп бойынша жалпы көлемі 7,6 миллиард шығын келген. 149 автокөлік зақымданған. Оның 77-і өртенген.  Жалпы соммасы 726 миллион теңгенің көліктері зақымданып,  жанып кеткен.  Айта кету керек, қалада өткен түні тағы 26 адам ұсталды. 168 адам 15 тәулікке қамалды. 20 қылмыстық іс қозғалды.  

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Сондай-ақ...