Талдықорғанда қала қауіпсіздігі үшін жаяу патруль жұмылдырылды

Талдықорғанда қоғам тыныштығын сақтауға жаяу патруль жұмылдырыла бастады.

Ұлттық ұланның сарбаздары мен полиция инспекторлары 20 топқа бөлініп, көпшілік жиналатын орындарды бақылауға алды. Көпқабатты үйлердің аулаларын аралап бұзақылық болмауын қадағалауға кірісті. Күдіктілер жайлы мәлімет жинап оларды ұстауға да ат салыспақ. Айта кетейік осыған дейін қала көшелеріне 35 автопатруль шығарылған болатын. Сонымен қатар бүгін облыс орталығындағы банктер де бірнеше күнгі үзілістен кейін жұмысын жалғастырды. Қаржылық институттар таңғы тоғыздан кешкі беске дейін қызмет көрсетеді.  Шаһардағы қоғамдық көліктер де қатынай бастады. Әзірге олардың жүру жиілігі 20-30 минут. Өйткені автобустардың тең жартысы ғана жолаушы тасымалдап жатыр.

Нұрбақыт Алтынбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– 24 бағыт бойынша 82 автобус шықты. Олар жеті жарымнан бастап кешкі алтыға дейін жүреді. Халық аз.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты