Елордада 139 жүкті әйел коронавирус жұқтырды

Ал Елордада 139 жүкті әйел індет жұқтырған. Қала дәрігерлері осындай дерек келтірді.

Ақ халаттылар аурудың күрт өсуін тұрғындардың жаңа жылды тойлауымен, мерекелік шаралар және сауда орталықтарына баруымен сондай-ақ бейқамдық танытумен байланыстырып отыр. Және елде «омикрон» тіркелгенін еске салады. Дәрігерлер болашақ аналар жүктіліктің 16 аптасынан кейін «Файзер» екпесін алуына болады деп отыр. Вакцинаның алғашқы дозасын 20 мыңнан астам қазақстандық салдырды.

Зайтуна Хамидуллина, акушер-гинеколог:

– Біздегі 3 стационарда Жаңа жылға дейін 3-4 науқас болған, қазір саны күрт өсті. Бес ай ішінде коронавирус жұқтырған 500 әйел аман-есен босанды. Олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Динагүл Баешева, инфекционист дәрігер:

– 2020 мен 2021 жылды салыстырғанда соңғы жылы коронавируспен ауырған балалардың саны 5 есе көбейді. Оның ішінде ауыр дәрежеде өткен түрі 20 есе көбейді. Шетелдік дәрігерлердің мәліметтері бойынша, балаларда да омикрон ауыр өтіп жатқанын оқимыз. Вакцинация өте маңызды.